«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Америка Құрама Штатында. Конгресс кітапханасы мен Нью-Йорк қалалық кітапхана қоры қазақ кітаптарымен толықты. Енді америкалық кітапхана сөресінен қазақ, орыс, ағылшын тілінде шыққан Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабын, қазақ тарихы мен мәдениетін кеңінен таныстыратын басылымдарды, ғылыми-танымдық әдебиеттерді, қазақтың ақын-жазушыларының кітаптарын көруге болады. Бұл жобаға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, аталмыш туындылар арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жаңа басылымы да бар. Америкалық оқырмандар сәні мен салтанаты келіскен Астанамен, түрлі сәулет туындылыларымен қатар, еліміздегі киелі жерлердің тарихымен, еліміздің табиғатымен, ұлттық киім, спорт түрлерімен таныса алады. АҚШ кітапхана қорына қойылған Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жамбыл, Шоқан Уәлиханов, сондай-ақ, Олжас Сүлейменов пен Бақытжан Канапьянов, Роза Мұқанова сынды авторлардың еңбектері үшін жергілікті өкілдер алғыс айтып, келешекте байланысты нығайта түсуге ниетті екенін жеткізді. Олардың айтуынша, АҚШ-тағы кітап сарайына айналған Конгрес кітапханасына жыл сайын екі миллион оқырман келеді екен.   

ДЖОАН УИКС, АҚШ КОНГРЕСІ КІТАПХАНА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Бұл біздің кітапхана қорына үлкен үлес болды. Енді бізде Азия, Африка, Таяу Шығыстағы елдерінің кітаптарымен қатар Қазақстанның да топтамасы бар. Бүгінде біздің кітапханаға қазақтың кітаптары сыйға берілді. Біз қазақстандықтармен әріптестік қатынасымызды нығайтамыз. Кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдарды пайдалана отырып түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргіземіз деп үміттенемін. Біз Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты кеңейтуді көздейміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер