Классикалық орыс әдебиетінің негізін қалаушы Александр Пушкиннің өлеңдері, драма мен трагедияларының монологтары мен повестерінің үзінділері бір қойылымда тоғысты. Елордалық нерсүйер қауым М. Горький атындағы орыс драма театрында ҚР Халық артисі Сергей Матвеевтің Пушкин шығармашылығына арналған моноспектаклін тамашалады. 1 сағаттан астам уақыт бойы орыс классигі Александр Пушкиннің «Күз» повесінен үзінді, «Фаусттан көріністер», «Пиковая дама» сынды туындыларынан үзінділер оқылды. Сергей Матвеев ең алдымен, бұл туындылардың өзіме жақын болуына мән бердім деп отыр. Өйткені туындыны өзің сезінгенде ғана, көрерменге жеткізе аласың,- дейді ол. Лирикалық шығармалардың ғана емес, поэзияның да, прозаның да қамтылуына ден қойған.

СЕРГЕЙ МАТВЕЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Қазіргі таңда кейбір әріптестеріміз классиктердің туындыларын емін-еркін қазіргі заманға бейімдеуге құмар. Бұл біреуге ұнаса, енді біріне ұнамайды. Мен екіншілердің қатарындамын. Сондықтан классика классика болып қала беру керек деп ойлаймын.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер