Қазақ тілінде 70 танымдық кітап жарық көрді

Жаңа жаһандық кезеңде қазақ тілін халықаралық деңгейде жаңғырту.  Бұл тұрғыда қоғамдық маңызы зор оқу-әдістемелік және танымдық 70 кітап оқырманға жол тартты.  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жарық көрген туындылар түрлі тақырыпты қамтыған 400-ге тарта шығарманың арасынан іріктелген. Арнайы құрылған сараптамалық топтың елегінен оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық еңбектер, заманауи салалық сөздіктер өткен.

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюі сөздіктерге байланысты. Биылғы сөздіктердің басында Махмұд Қашқаридің үш томдық «Түркі сөздігі» тұр. Медициналық сөздіктер, латын медицинасының сөздігі тұр. Өйткені медицинада көп тілдер, биология, химияда латын тілі қолданылады. Оның үстіне латын қарпіне көшу мәселесі қоғамда айтылып жатыр.  Кейін Дүкен Мәсімханұлы бастаған авторлардың бастамасымен бұрын соңды шықпаған «қытайша-қазақша» үлкен сөздігі жарық көрді.  

Көпшілікке таныстырылған танымдық кітаптардың ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 700 беттен құралған тұлға­лық энциклопедиясының шоқтығы биік дейді, зиялы қауым өкілдері. Сондай-ақ «Алаш қозғалысы» 5 томдығы мен ондағы қайраткерлер мен ұстанған идеяларынан тұратын жыр-жинағының тұсауы кесілді. Ұлттық шежіре,  қазақ хандары, ел тұлғалары сынды тарихи туындылар мен төл ана тілінің мән-маңызы мен құрамын ашатын оқулықтар өскелең ұрпақтың санасына елжандылық сезімін ұялату қамында баспадан шыққан.

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Балаларға арналған 15 минуттық сөз қазынасы анимациялық фильмі. Бүгінгі ырымдар, сөздің шыққан тегі экимологиясы жөнінде қолданып жүргенімізбен білмей жатамыз. Осы мультфилмде барлығы ойын арқылы, балаларды өздерін кейіпкер қылып, осындай нәрселерді, тілдік құбылыстарды үйретуді жөн деп таптық.

Сиясы әлі кебе қоймаған еңбектер заманауи мәнерде безендірілген. Әр кітаптың CD дискіде жинақталған электрондық нұсқасы қоса жүреді.