Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге келгеніне 160 жыл толады. Атаулы датаға орай Семейдегі Абай мұражайында көрме ашылып, ойшыл тұлғаның 100-ден астам көне жәдігері қойылды. Ғылыми деректерге негізделген көрме  9 бөлімнен тұрады. Айта кету керек, ақынның өзі  ұстаған бұйымдар тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр. Соның ішінде, көне шоқпар мен саптыаяқты музейге ақынның немерелес туыстары тапсырған. Бұдан бөлек, көрмеден ақынның шығармалары мен қолжазбаларын, фотосуреттерін кездестіруге болады. Көрме жыл бойы келушілерге ашық болады. Еске сала кетейік, өткен жылы ақынның жеке сайты ашылған еді. Енді Шәкәрімнің шығармалары интернет желілерінде де қолжетімді бола бастады.

БОЛАТ ЖҮНІСБЕКОВ, АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ" ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ ҚОРЫҚ-МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қанша Шәкәрім қажыны қапасқа салып, шығармаларын оқытпай, ілуде бір адам болмаса, Шәкәрім қажының шығармалары жасырын оқылған. Ел бір-біріне айтуға қорыққан. Сол заманнан аман-есен шығып отырғанның өзі – кезінде өлеңдері мен сөздеріне Шәкәрім «ажалсыз әскер» деп тақырып қойған екен. Сол Шәкәрімнің ажалсыз әскері міне, халқымен бірге тәуелсіздікке жетіп, еліміздің бүгінгі бақытты өміріне куә болып отыр.

Ал Ақтауда Әбіш Кекілбаев мұралары ұлықталып, жазушы атындағы рухани орталық бой көтермек. Орталықтың эскизі өткен жылы дайын болды. Нысан 6 жарым мың шаршы метр аумаққа салынады. Жоспар бойынша мәдени орталыққа Маңғыстау түбегінің тарихы мен әдебиетіне қатысты құнды дүниелер қойылады. Заман талабына сай оқырман залдары ашылып, 500 мың кітап сиятын кітапхана мен мың адамға арналған театр тұрғызылмақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын орталықтың ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, субұрқақтар іске қосылып, нағыз демалыс ошағына айналады. 

ҚАЙРАТ АҚЫБАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Сараптамаға ұсынылды жобасы. Енді құрылысына тоқталатын болсақ мен ойлап отырмын, сол 2019 жылы басталу керек деп. Себебі биыл қаражатын толық бөлу мүмкін емес. Құны жобамен 4 миллиардтың үстінде болып тұр. Соған байланысты келесі жылы ғана құрылысына қаражат бөлінетін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер