Елбасы мақаласында айтылғандай, еліміздегі тарихи-мәдени жерлерді қастерлеу, рухани жұтаңдықтан аман сақтап қалады. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты республикалық жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде іске асып жатыр. Идеяның түп-төркіні – ескерткіштер мен көне ғимараттарды қалпына келтіріп қана қоймай, киелі мекендер мен өлмес мұраны ұлт жадына біртұтас кешен ретінде орнықтыру болмақ.  Осы ретте Солтүстік Қазақстан мен Астана қаласы маңында түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің солтүстік бөлігінде ашылмай жатқан сыр мен атқарылмаған жұмыстар жетерлік. Өңірдегі киелі жерлердің картасы әзірленіп, оған 14 нысан тіркелген болатын. Жалпы Солтүстікте 30- ға тарта тарихи-мәдени ошақ бар. Оның барлығы дерлік мемлекет қарамағында. Картаға енген 14 нысанның теріскейде болғандығы туралы дәлелдер бар. Ал тарихы ашылмаған өзге нысандарды мамандар зерттеп, Ресейдегі архивтерге сұрау салып жатыр.  Аталмыш мемлекеттік жоба солтүстік өңірдің туристік әлеуетін біршама кеңейтеді.   

СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Солтүстік Қазақстан облысы тарихы бай. Мәдениеті де бай. солтүстік қазақстанға Қызылжар кітапханасы деген керек. Қазақ әдебиетінің классиктері, қазақ ғылымының марқасқаларының еңбектері әлі жинақталған жоқ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер