Қазақстан тарихы өнер туындыларында - Kazakh TV

Еліміміздің тарихын түрлі қолөнер, көркемсурет сынды туындыларда бейнелеу белең алып келеді. Осыған орай,  Шығыс Қазақстан облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында суреттер мен мүсіндерді сатып алуға 55 млн теңге бөлді. Ең жақсы деген жұмыстар биыл мұражай қорын толтырады. Николай Аштеманың кенепке салынған жұмыстарында қазақ батырлары бейнеленген.

НИКОЛАЙ АШТЕМА, СУРЕТШІ:

 - Мына жұмыс – "Хан сайлауы" деп аталады. Зер салып қарасаңыз, ханды киізге отырғызып көтеріп жатыр. Айтпақшы, мұндай жұмыс еш жерде жоқ. Өзім ойлап шығарған туындыда сарбаздар киіз төселген тақты көтеріп тұр, ал хан туды ұстап отыр.

Бұл 76 жастағы суретшінің ұлттық тарих тақырыбына арналған алғашқы туындысы. Өнертанушылардың пікірінше, бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыт суретшіге жастық леп сыйлағандай болды.  

ЛАРИСА МАРТЫНОВА, ШҚО ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ӨНЕРТАНУШЫСЫ:

 - Николай Павлович - шығармашылықтың адамы. Оның жан дүниесінде үлкен рух бар. Оны мына туындыларынан көруге, сезінуге болады. Қараңызшы, ұлпа бұлттар алтын түске боялған, ал жасыл желек балғын көрінеді. 

Ал мүсінші Юрий Констанянцтың жұмыстарын тамашалау арқылы ел тарихына шолу жасайсыз. Ол оқушылар экскурсиясын ұйымдастырып жатыр. Мүсінші тарихты терең көрсетіп, ағаштан бүтін бір батырлар композиясын жасайды.

ЮРИЙ КОСТАНЯНЦ, МҮСІНШІ:

 - Менің жұмыстарыма қарап халықтың, ұлттың көрнекті тұлғасы жөнінде ой түйе аласыз. Кейіпкердің мүсінін жасамас бұрын, тарихты оқып шығамын. Сол заманды, кезеңнің бейнесін көз алдыма әкеле отырып, жұмысқа кірісемін.

Қазақстанның тарихы тек қана кітаптарда жазылып қалған жоқ. Суреттер мен мүсіндерден де елдің өткенін көрнекі үлгіде көруге болады. Халықтың мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіруге бұл таптырмас мүмкіндік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер