Елбасының латын қарпіне көшу туралы бастамасы шетелдік ғалымдар мен сырттағы қазақ ағайын тарапынан толық қолдауға ие. Бейжің Ұлттар университетінің профессоры Мұхтар Әбілхақ тарихи шешімнің жемісін келер ұрпақ көретініне еш күманданбайды. Қазақстан заманның ағымына қарай жазуын ауыстыра отырып дүниежүзі қазақтарын бір арнаға шоғырландырады, дейді ол. 

МҰХТАР ӘБІЛХАҚ, БЕЙЖІҢ ҰЛТТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Бір ұлттың бірнеше әріпті пайдалануы, олардың өзара идея алмастыруына бір-бірінен мәдениет үйренуіне ерекше нашар ықпалын келтіріп келеді. Қазір де солай. Әсіресе жастар жағынан айтқан кезде біреуінің жазуын біреуі танымайды. Дүниежүзіндегі қазақтар бір әріпті қолданатын  болса меніңше жоғарыдағы мәселелер шешілер еді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасын түрік ғалымдары да талқылады. Елдегі  алғашқы оқу орындарының бірі, 170 мыңнан аса студенттің білім ошағына айналған Ыстамбұл университеті «Болашаққа бағдар» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысқан еді. Ондағы қазақ студенттері мен ғалымдар  бір ауыздан Елбасы ұстанған бағытқа қолдау танытты.    

МАХМУТ АК, ЫСТАМБҰЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Қазақстан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы қоғамға жаңа серпіліс әкеліпті. Тың жобалар қолға алына бастады. Мысалы латын әліпбиі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтеді. Ол Қазақстан халқымен бірге түбі бір, тілі ортақ түркі жұртының ақпараттық, мәдени-рухани салалардағы қарым-қатынасын күшейтеді. Сол себепті, бұл бағдарлама өте өзекті әрі өміршең деп, есептеймін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер