ҚарМУ-де математика пәніне байланысты 4 бірдей оқулық латын графикасына аударылды

Қарағанды мемлекеттік университетінде «Алгебра», «Элементарлық математика», «Дифференциялық теңдеулер» және «Инженерлік реология» деп аталатын 4 бірдей оқулық латын графикасына аударылды. Аталмыш кітаптар әзірге бір данадан, сынақ түрінде шықты. Ал латын қарпі нақты бекіген соң оқулықтар жаппай аударылмақ. Қазір университет қорында 2 миллионға жуық кітап бар. Ондағы мамандардың айтуынша, барлық оқулықты латын графикасына  көшіруге, жаңа қаріпті қолданысқа енгізуге мүмкіндік мол. Осы ретте, оқу ордасының студенттері «Аудар» деп аталатын мобильді қосымша ойлап тауыпты. Кирилициадан латынға бірден аударатын қосымша интернетсіз жұмыс істей береді. 

БЕКБОЛАТ НҮСІПБЕКОВ, ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

 - Бұл латын әліпбиінде жазылған экспериментальды оқу құралы болғаннан кейін тек жас студенттерге ғана емес, сонымен қатар ол біздің магистранттарға, бізде оқып жатқан докторанттарға арналған, осы оқулықты бірден бір көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Бұған адамның көзі үйрену керек, адам көре білу керек, адам сөйлей білу керек, адам әрбір әріптерін тани білуі керек.