Павлодарда салт аттылар флешмоб ұйымдастырды

Павлодар облысы - ұлттық ат спортын дамытуды қолға алмақ. Жылдың алғашқы күндерінде аймақтың атбегілері, құсбегілері мен саятшылары бас қосты. Таза ауа, табиғат аясындағы жүздесуде алдағы жоспарларымен бөлісіп, ерекше флешмоб өткізді. Олар қаңтардағы қытымыр ауа райына қарамастан 20 шақырымдық жерді салт атпен жүріп өтті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы арқылы жүзеге асқан игі бастама  туризмді дамытуға бағытталған. «Құс салып, ит жүгірту, ат баптау халқымыздың қанына сіңген қасиет. Оны келер ұрпаққа жеткізу, бізге жүктелген парыз" -дейді,  жергілікті танымал құсбегі Бошан Әбікеев.

БОШАН ӘБІКЕЕВ, ҚҰСБЕГІ:

 - Мына бүркіт деген қасиетті құс. Мынау ақпан, қаңтарда салады. Жүз иттен бір бүркіт артық дейді. Қазір сол мына балаларға сол тәлім-тәрбие көрсетіп Совхозтехникум, Заря ауылында балалардың бәрі атқа мініп, ит жүгіртіп, бәйгеге қосып жатыр.

КҮМІСАЙ АСАЙЫНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ:

 - Барлық ат ұстаушылары құсбегілері, барлығы жиналып алға қойған мақсаттарын талқылап жатыр. Биылғы жылы ат спортына үлкен көңіл бөлінеді .Себебі біздің ұлттық спорт түрі ғой. Бәйге болсын, аударыспақ болсын, көкпар болсын. Осы ат туризмі дамытатын сала болып тұр. Киелі жердер, сакралды жерлер бар. Осы жерлерге тұрғындар көлікпен емес атпен де барып көргендері жақсы.