Қазақстанның тіл реформасы – болашаққа бастаған дұрыс қадам. Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро осындай пікір айтады. Бұл бастама жаһандану заманында Қазақстанға төл мәдениетін, білімі мен ғылымын халықаралық деңгейде қолжетімді қылуға мүмкіндік береді, дейді ол.  

ДЖЕК СТРО, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ /2001-2006 ЖЖ./:

 - Жеке өз басым бұл бастаманы қолдаймын. Түркияда революция болып,  Осман империясы күйрегеннен кейін мемлекет құра бастаған кезде Кемал Ататүрік реформаларының бірі Араб әліпбиінен латынға көшу болды. Бұл Түркия үшін де, түріктер үшін де ұлттық идентификациясын белгілеп, олардың жеке мемлекет екендігін түсіну үшін қажет болды. Сондай-ақ, еуропалық мұраның бір бөлігі екендігін ұғыну үшін керек болды. Бұл кириллицаны пайдаланатындарға қарсы жасалған әрекет емес. Бұл Қазақстанның жаңа ұлт ретінде дамуы үшін жасалған дүние.

Қазақ әліпбиінің латынға көшуі – қазақ халқының халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен қазақ тілінің әлемдік ақпарат кеңістігіне еркін бойлауға мүмкіндігі бар. Бұл бастама – цифрлық заманда жасалған оңқадам деп білемін, дейді Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Клаус. 

ВАЦЛАВ КЛАУС, ЧЕХИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ /2003-2013 ЖЖ./:

 - Латын графикасына көшу ілгері жасалған қадам деп есептеймін. Қазақстан цифлық технологиялар ғасырында қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне төтеп беруге және батыс-еуропалық стильде ойлап, пікір алмасуға тырысып жатқандығын құптаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер