«Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы отандық және шетелдік ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдерінің мақалалары бір жинаққа топтастырылды. Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев-болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Оған  рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты сұхбаттар мен зиялы қауым өкілдерінің ойлары енген. Жинақта Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының  талдаулары да бар. Кітапты осы ұйымның сайтынан да оқуға болады. Жинақтың электронды түрі  шетелдік кітапхана оқырмандары үшін де  қолжетімді. Ал елдің кітапханалары мен мемлекеттік орындарына кітап үлестірілетін болады. Кітаптың 500 данасы жарық көрген.

ҒАЗИЗ ТЕЛЕБАЕВ, ПРОФЕССОР:

 - Мен кітапта мынадай нәрселерді таптым. "Рухани жаңғыру" туралы комиссия құрылған. Ол комиссияның 3-4 отырысы өтті. Отырыс туралы ақпарат осы кітапта бар. Не істеліп жатыр, қандай жұмыс істеліп жатыр. Нақты жұмыс. Мен бұл кітап тек қана бір әлеуметтік топқа ғана емес, көптеген әлеуметтік топтарға арналған.

ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ ТАЛДАУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл кітапта қазақстандық қоғамның дамуы жайлы отандық және шетелдік ғалымдардың ойлары мен пікірлері жинақталған. Елбасы мақаласы халықаралық деңгейде жоғары бағаланды. Шетелдік сарапшылар бұл бастама дер кезінде көтерілді деп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер