Латын әліпбиіне көшу тіл тазалығын қалыптастырады. Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Кеңшілік Тышханұлы осындай пікірде. Оның айтуынша, тілдің шұбарланбауы үшін жаңа әліпбидің қабылдануы маңызды. Алайда бұл тұста асығыстық танытпаған жөн дейді ол. Кез келген жаңашылдық пен ұсыныстар қоғаммен бірге талқылануы тиіс. Өйткені жаңа қаріптің қолдау мен қолданыс табуы маңызды.  Науқаншылыққа салынып, сәнге айналдырып, бекітілмеген әліпбиді қолдануға да асықпау керек,-дейді Кеңшілік Тышханұлы.  Себебі қазақ тілінің латын әліпбиіндегі нұсқасы әлі де қызу талқылануда.

КЕҢШІЛІК ТЫШХАНҰЛЫ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Көшудің жөні осы екен деп көше беру дұрыс болып саналмайды. Өйткені ғылым мен техниканың талап етуі арасында тілге нұқсан келтірілмеуі керек. Яғни бұдан  біздің тіліміз зардап шегіп қалмау керек. Жазылған кезде көркем, әдемі, қолайлы, ықшамды болатын болса, біз бұдан зардап шекпейміз.

Латын графикасына өту арқылы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін сақтап қаламыз. Бұқаралық ақпарат құралдары мен көшедегі жарнамалар, басылымдар латын тілінде сөйлей бастаса халыққа бұл үрдіс аса қиындық тудырмасы анық, дейді тілші ғалымдар.

СӘМЕН ҚҰЛБАРАҚ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Мұның өзі қазақ қоғамына үлкен руханиятына жаңалық әкеледі. Үлкен серпіліс әкеледі деп білемін. Бұл әліпби халықтың ішінде кеңінен талқыланды. Жан-жақты пікірлер айтылды. Оның бәрі ескерілді. Жалпы халықтық талқылау болды. Жалпы қазақтың келешегі, елдің келешегі латын қарпіне көшуде жаһандану дәуірінде өзіндік маңызы бар зор шешім, қадам болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер