Еліміздің батыс өңірінде ашылған «Рухани жаңғыру» музейі ұлт тарихынан сыр шертеді. Рухани орда Оралдағы екі қабатты ескі үйде орналасқан. Ал ғимараттың архитектуралық құрылысы 19 ғасырдың аяғына тән мавритания сәулетімен көмкерілген. Экспозициялық залға қаланың өткені мен бүгінін, елдің тұтастай тарихын баяндайтын 500 экспонат қойылған.  

АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА, АҚЫН:

 - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, соның ішінде, шетелде өтетін концерттердің өзі біздің мәдениетімізбен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Мына музейдің ашылғаны қуантады. Өткенін ұмытпағанның келешегі кемел болады.

Төрт экспозициялық залдан тұратын музейдің құрылысына бір жыл уақыт кетіпті. Ұлттық баспасөздің, тұңғыш жүйелі басылымның бағыт-бағдарымен, жиырмасыншы ғасырдағы Алаш зиялыларының өмір жолдарынан хабар беретін мәліметтер де осы музейдің қорында сақталған. Аталмыш құнды әрі тың деректердің көпшілігі «Сәулелік география» жобасының тізіміне енді. 

РАЙХАН СИСЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - «Қазақстан» 1911-1913 жылдар аралығында осы Орда мен Орал қаласында басылған болатын. Бұл «Қазақстан» газетін шығаруға орыс, татар зиялыларының атсалысқаны тарихтан мәлім. Сол себепті де ұлттық баспасөз тарихы залын ашу арқылы біз қазақ жеріндегі ұлтаралық татулықты, ынтымақтастықтың әріден келе жатқандығын көрсету мақатында жасақталған зал.

Ел тарихын түгендеуге арналған тағы бір үш жоба келер жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынбақ. Солардың бірі «Жайық» кентінде ортағасырлық ашық аспан астындағы мұражай құру. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер