Өзбекстандық қаламгер Қалдыбек Сейданов «Рухани жаңғыру» бағдарламасына пікірін білдірді

Өзбекстандық қаламгер Қалдыбек Сейданов «Рухани жаңғыру» бағдарламасына пікірін білдірді

Бауырлас елдер Қазақстан мен Өзбекстанның достығы мен қарым-қатынасын қаламына арқау еткен жазушы Қалдыбек Сейданов «Рухы биік» елдің болашағы жарқын болатынына сенеді. Өзбекстандық қаламгердің шағын шығармашылық бөлмесінде әлем мойындаған туындылардан бөлек, қазақ және өзбек тілінде жазған 22 туындысы мен 6 томдық таңдамалы шығармалары тұр. Кітап сөресін бір шолып өтсеңіз болды, жазушының жан сарайын ақтарғандай боласыз.  

ҚАЛДЫБЕК САЙДАНОВ,ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «ТҰРАН» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:

 - Қазақ-Өзбек «Жарты бидайды жарып, бір бидайды бөліп жеп жүрген» түбі бірге туысқан халық.Тарихи мәліметті ешқашан бөліспеген,ортақ.Бұны жандандыру екі ел әдебиетшілерінің ғалымдарының ақын-жазушыларының бірден-бір өзекті мәселесі деп ойламын.Бұған айрықша мән беруіміз керек.Өйткені «Достық- алтынан да қымбат, Таудан да биік, Теңізден де терең». Сондықтан достықты абайлап кең өріс алдыруымыз ауадай қажет.

Жазушы қос елдің берекесі мен достығын «Тоғысқан тағдыр» романы, «Ана арманы», «Науаи және Абай», «Достық әуендері» сияқты туындыларында көркем суреттеген. Бүгінде Өзбекстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс бар. Оларға өз дәстүрін ұстанып, тілін сақтап қалуға жағдай жасалған. Оған дәлел   Өзбекстандағы мыңдаған қазақ 396 жалпы орта мектепте өз ана тілдерінде білім алып жатыр.

АЙСҰЛУ БУКСИНОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

 - Емін-еркін оқу үшін барлық жағдайлар жасалған. Олардың оқулықтары бар ма барлығы қамтылған. Жаңа технология барлық техникалармен қамтамыз етілген мектебіміз.

Қос мемлекет басшысының көреген саясаты бауырлас елдердің рухани әрі дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көрінуге негіз болады. Қазақ ұлт басшысы айтқан Рухани жаңғырудың тамыры тереңде жатқанын да осыдан аңғарамыз.