Қазақстандық заманауи бейнелеу өнерінің бүгінгі жай-күйі және жақын болашақтағы әлеуеті.  Бұл – танымал қоғам қайраткерлері, мұражай өкілдері мен  арт-менеджерлердің басқосуында әңгіме өзегіне айналған тақырып. Ұлттық мұражайға жиылған сала мамандары «Арт шабуыл»  жобасын талқыға салды. Кездесуге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іріктелген суретшілер арнайы шақырылған. Игі бастама отандық қылқалам шеберлерінің шығармашылығын шетелдік қауымның назарына кеңінен таныстырып, сол арқылы қазақ өнерін әлемге насихаттау қамында қолға алынбақ.

РОЗА ӘБЕНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біз алдымен заманауи өнер орталығын ашып алуымыз керек. Онда мұражайларды қолдау, мамандардың біліктілігін арттыру, халықаралық форумдар мен байқауларға қатысу сынды мәселелердің басы қайырылатын болады. 

Сондай-ақ, ұлттық мұражай қабырғасында қазақстандық суретшілердің үздік туындылары қойылған көрме ашылды. Еңбектер ұлттық тарих, халықтың тұрмыстық салты мен әдет-ғұрыптарына арналған. Ел шежіресінен сыр шертер жұмыстарды алдағы жылдың қаңтар айының 15-не дейін тамашалауға болады.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер