Қазақ жазуын латын графикасына көшіру жайы еліміздің түкпір-түкпірінде талқыланып жатырған мәселе. Бұл тұрғыда тіл мамандары мен филолог ғалымдарының алдында бірнеше міндет тұр. Олар алдымен, тіл заңдылығын ескеріп, емле ережесіне шолу жасауы керек. Енді жаңа әліпби енер шақта, бұрынғы қателіктерді мейлінше қайталамаған дұрыс. Халықаралық және кірме сөздердің оқылуы мен жазылуы орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарға толық бағынуын да қадағалаған жөн.

БОЛАТ ЖЕКСЕНҒАЛИЕВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Қиындықтар туындайтыны халықаралық сөздерді жазу мәселесі. Осы мәселеде бізде емле ережесінде нақтылық керек. Мысалы, кейбір дыбыстар бұрын қолданылып жүрген жаңа әліпбиде жоқ. Ол сөздерді қалай жазамыз. Кейбір дыбыстар қалды. Осындай негізгі-негізгі,  іргелі деген мәселелер ҚР Үкіметі жанынан құрылған арнайы лингвистикалық  комиссияда қаралады, талқыланады деген сенім бар. Өйткені емле барынша тілге ыңғайлы болу керек. Әсіресе біздің балаларымызға жеңіл де түсінікті, сонымен бірге оның ұлттық сипаты болу керек.

Әлемдегі ғылыми әдебиеттің 60 пайызы латын қарпінде жазылады. Жаһандық технологиялық процестердің барлығы да осы тілде жарияланады. «Сондықтан, оны меңгеру – өркениет көшінен қалмай, өркендеу», дейді Алматыдағы экономика және статистика академиясы студенттерімен кездескен зиялы қауым өкілдері. Жиында латын әрпін енгізудің артықшылықтары, және оны жастар жағы тез меңгеру керектігі айтылды. Қазіргі кезде академияда студенттер латын емлесімен мазмұндама мен шығармалар жазуды тәжірибеге енгізе бастаған.

БАУЫРЖАН МАРАТБЕКҰЛЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚХА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Латын әрпіне өту келешекте жастарға ешқандай қиындық туындырмайды деп ойлаймын. Келешекет біздің қандастарымызға шет мемлекетте жүрген біздің әдебиетпен түрлі мәселелермен танысуға басымдығы мол.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер