Созақ өңірінің әулиелеріне арналған бұл күйдің сарыны мен тарихы көпшілікке беймәлім. Оңтүстік өңірінің көнекөз күйшілері ғана білетін туынды алдағы уақытта кеңінен насихатталып, ұлттық мұралар қорына енетін болды. Қазақ  тұрмыстық салт жырларына аса бай  халық бола тұра  әлі күнге дейін хатқа түспей, ұмыт болып бара жатқан бабалар мирасы баршылық. Сондықтан отандық ғалымдар "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында материалдық емес мәдени мұраны зерттеу ісін қолға алды. Ұлттық өнеріміздің жанашырлары ел аралап, көнекөз қариялардан ескі ән-күй, терме-дастандарды жазып алып жатыр. Игі шара бастау алған киелі Оңтүстік Қазақстан аймағынан ғана бұрын-соңды естілмеген 40 күй мен 20 лирикалық ән шумақтары табылды. Ұйымдастырушылар келесі жылы Қазақстанның өзге өлкелерін түгел  қамтитын кешенді экспедиция жасауды жоспарлап отыр. Қайырымды ұрпақтың мақсаты рухани мәдени мұраның ұлттық қорын қалыптастырып өзімізбен, өзгеге насихаттау.

АРДАБИ МӘУЛЕТҰЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұл керемет байлық деп есептейміз. Болашақта біз осылардан кітап шығарамыз, диск шығарамыз, музыкалық талдауын жасаймыз, текстік талдауын жасаймыз. Соған жиналып жатқан шикізат деп есептейміз.  Болашақта бұдан кандидаттық диссертациялар, докторлық диссертациялар қорғалады. Орындаушылар айтатын болса да керемет лирикалық әндер жазып алдық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер