Елімізде қабылданған қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы оқуға да, жазуға да ыңғайлы, дейді тіл мамандары. Ендігі міндет – латын графикасына тез арада көшудің оңтайлы тәсілін ойлап табу. Ал тіл реформасының басты жемісі – республиканың жаһандық бәсекеге қабілеттілігі артады. Өйткені  латын қарпі әлемде ең кең тараған жазу тілі, әрі ғылым, инновация және АйТи технологиялар тілі.

АЙНҰР ЖҮНІСОВА, ОҚМУ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ДЕКАНЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Латынға көшу заман талабына сай жаңа үрдіс. Бұл ғылыми процестің ерекшеліктеріне ғана емес, бүкіл оқу үрдісіне де өзгерістер әкеледі. Латын қарпіне көшу түркітілдес халықтармен ынтымақтастықты нығайта түседі. Сонымен қатар, бүкіл әлеммен ғылыми және мәдени байланыс орнатуға көмектеседі.   

Латын қарпіне көшуді Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдап отыр. Этномәдени орталықтарының өкілдері бұл процесс қазақстандықтардың ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктеріне қол жеткізуге мол мүмкіндік беретінін айтады. Алматы қаласының Жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуде Ассамблея мүшелері тіл реформасын егжей-тегжейлі талқылап, оның қоғамдық сананы жаңғырту жолындағы ерекше ролін атап көрсетті.

БАУЫРЖАН БОЖБАНБАЕВ, ҚХА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан халқы Ассамблеясының 16-съезінде Елбасы Қазақстан-2050 «Мәңгілік Ел» стратегиясы аясында латын графикасына көшу мәселесіне тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі кездесуде латын графикасына көшудің артықшылықтары туралы жастарға қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары әңгімелеп берді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер