Тәуелсіздік алғалы бері латын қарпіне көшу мәселесі жан-жақты талқыланып келеді. Біз латын графикасын қабылдау арқылы әлемдік кеңістікке еркін бойлай аламыз. Сонымен қатар, бұл батыл қадам–өркениетті ел болудың алғышарттары әрі ұлттық сананың жаңғыруына да тың серпін болмақ. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуразиялық кеңестің жанындағы консультативтік кеңес төрайымы Бенитес Фереро Вальднер осы пікірді алға тартады.  

БЕНИТЕС ФЕРЕРО-ВАЛЬДНЕР, КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ:

 - Меніңше, бұл өте қызықты және заманауи ойлаудың тың тәсілі. Латынға көшу қазақ мәдениетін идентификациялаудың жаңа мүмкіндігін туғызуы мүмкін. Сондықтан мен бұл бастаманы тек мақтай аламын. Менің ойымша бұл өте қызықты және жаңа бастама.

Британиялық «Чатам Хаус» халықаралық қатынастар институтының директоры Робин Ниблетт Қазақстанның латын әліпбиіне көшу туралы бастамасын қолдап отыр. Сараптама орталығы  басшысының айтуынша, бұл елдің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, шетелдермен іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, британдық сарапшы төл әліпбидің латын қарпіне көшуі елдің жаһандық бәсекеге қабілетін арттырады деп есептейді.

РОБИН НИБЛЕТТ, «CHATHAM HOUSE» ДИРЕКТОРЫ:

 - Білесіз бе, бүгінгі заманда бүкіл әлеммен тығыз байланыста болу аса маңызды. Латын әліпбиінің бәсекеге қабілетті және пайдалануға ыңғайлы болып қала беруі әбден мүмкін. Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты жаһандану процесіне енуіне толық мүмкіндігі болмады. Ал бүгін ол стратегиялық маңызды орталық. Меніңше, мұндай қадам: біз бизнес қауымдастыққа және бүкіл әлемге деген құшағымыз айқара ашық дегенді білдіреді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер