Төл әліпбиді латын қарпіне ауыстыру қазақстандықтар үшін аса қиындық тудырмайды. Бүгінде латын әліпбиін жер шарында 4 миллиардтан астам тұрғын қолданады. Тың үрдіс елдің дамуына оң ықпал етіп, халықаралық қолданыстағы шет тілдерін меңгеру үрдісін жеңілдетеді, дейді Римдегі «Ла Сапьенца» университетінің тарих профессоры Андреа Картени. Оның айтуынша, Астана үлкен өзгерістерге деген мүмкіндігін көрсетіп отыр. Сондықтан ол қазақстандық реформаның жемісті болатынына сенімді.

АНДРЕА КАРТЕНИ, LA SAPIENZA УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАРИХ ПРОФЕССОРЫ:

 - Тілді меңгергісі келетін шет елдік үшін әліпби маңызды рөл атқарады. Яғни латынға үйренген батыс адамы енді қазақ тілін жеңіл үйренеді. Сондай-ақ бала кезінен латын қарпінде білім алатын қазақстандық жас ұрпаққа ағылшын, итальян сынды батыс тілдерін меңгеру оңай соғады.

Медиа саласында табанды еңбек етіп жүрген британиялық сарапшылардың да пікірі осыған саяды. «Еліміздің латын қарпіне көшуі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуындағы қажетті әрі міндетті қадам. Төл әліпбиді жаңғырту, әлемдік кең технологияны меңгеріп, қоғамды ілгерлетуге мол мүмкіндік жасайды»,- дейді олар.

АЛАН СПЕНС, INTEGRATIVE MEDIA LTD КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Латынға көшу Қазақстан үшін үлкен қадам. Батыс елдері үшін қазақ тілін түсіну қиынға соғатын. Латындану арқылы қазақ тілін меңгеру тезірек және оңайырақ болғалы тұр. Латын графикасы әлемдік қауымдастықтың біраз бөлігінде пайдаланылады. Бұл халықаралық бизнес тілі. Латынға көшу арқылы Қазақстан жаһандық экономикалық және қаржылық қауымдастықтың құрамдас бөлігіне айналады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер