"Жаңа тіл реформасы Қазақстанның әлем қауымдастығымен байланыстарын тереңдете түседі"

XXI ғасырда әлемнің 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Төл әліпбиін латын қарпіне көшіріп жатқан қазақстандықтар уақытылы әрі дұрыс қадам жасап жатыр, дейді британиялық сарапшы Лорд Гарри Вульф. Ол тіл реформасы Қазақстанның әлем қауымдастығымен байланыстарын тереңдете түсетініне сенімді.

ЛОРД ГАРРИ ВУЛЬФ, АНГЛИЯ МЕН УЭЛЬС СОТЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАС СУДЬЯСЫ:

 - Меніңше, бұл өте жақсы идея. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі оның халықаралық қауымдастықпен біте қайнасуына мүмкіндік береді. Бұл қарым-қатынастың дамуына серпін береді. Халық әлеммен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ, латын – нақты ғылымдардың, инженерлік ойлардың, яғни жоғары технологиялардың әліпбиі екендігін естен шығармауымыз қажет.

Әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп, бәсекелестік қабілетті арттыру мақсатында латын қарпіне көшу қазақстандықтар үшін тиімді болмақ. Тіл реформасының еңбек нарығындада жоғары мүмкіндікке ие. Мұндай қадам әлемдік кеңістікте интеграцияны жеделдетеді. Елімізде болып жатқан өзекті мәселеге Италияның жоғары гео саяси зертеулер институтының сарапшысы Алессандро Лундиниди осындай пікір білдірді. 

АЛЕССАНДРО ЛУНДИНИ, ИТАЛИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ГЕОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Тілдерді меңгеру мәселесі. Қазақстан Президенті мен үкіметі үшін қазақ және орыс тілдерін ғана емес, сондай-ақ ағылшын тілін, яғни халықаралық тілді білу үнемі маңызды болды. Бүгінде латын қарпіне көшу арқылы Қазақстанның мамандары мен компаниялары халықаралық нарыққа шығуы жеңілдейді. Және бұл бәсекелестердің алдында айтарлықтай дәрежені арттырады. Жалпы, халық та, бизнес те, мемлекеттік мекемелер де пайдасын көреді.