Латын қарпіне көшу – ұрпақ болашағын ойлаған ұлттың шешімі. Бүгінде әлемде кеңінен қолданып келеді. Демек, латын қарпіне көшу түркі және жаһандық әлеммен өзара ықпалдасып, кірігіп кетудің маңызды қадамы. Бұл үрдісті қоғам болып қолдасақ, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай жасаймыз. Австрия Республикасындағы елші Қайрат Сарыбай осы пікірді алға тартады.  

ҚАЙРАТ САРЫБАЙ, ҚР АУСТРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Бұл үрдіс, бұл бір күннің саясаты емес. Бұл атам заманғы қазақ өзінің шыққан тегіне, өзінің ерекшеліктеріне қайта оралу жобасы деп ойлаймын. Сондықтан бұл жобаны қоғамдық қолдауы мені ерекше толғандырады. Барлық жерде қолдап жатырмыз. Әрине, елімізде тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілдеріне нұқсан келтірмей қазақ тілінің алға басуын, алға басу арқылы қазақ мәдениетін, қазақ рухани байлығын әлемге жеткізу арқылы біз өзіміздің орнымызды табамыз деп ойлаймын.

Халқымызға тілдегі үрдісті жан-жақты түсіндіріп, таңдаған әліпбиіміздің жетістіктері мен кемшіліктерін тексеріп шығу керек. Латын қарпіне негіздеп орфографиялық ережелер мен сөздікті, емледегі өзгерістерді кеңінен таратқан дұрыс. Сонда ғана халық үшін латынға көшу жеңіл болмақ дейді ғалым-дәрігер Мұхамедия Ахметов.    

МҰХАМЕДИЯ АХМЕТОВ, «АСТАНА» МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТІЛ САЯСАТЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Латын қарпіне көшу мен үшін, дәрігерлер үшін таңсық нәрсе емес, қиын емес. Өйткені бүкіл ғылыми терминдер, атаулар латын тілінде, латын графикасында жазылады. Қазақ тілі дүниежүзі мойындатқан латиницаға көшу мемлекетіміз үшін, ұлтымыз үшін үлкен болашағы бар нәрсе. Латиницаға көшу, алфавит ауыстыру деген тек қана фонетист, филолог мамандардың шаруасы. Дыбыстың дыбысталуын, соның қасиетін білетін адамдар жасауы керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер