Қазақстанның латын қарпіне көшуі түркі жұртының ғана емес, әлем халықтарының бірін-бірі жақынырақ танып білуіне негіз болады. Өзбекстанда латын әліпбиінің негізін қалауға қатысқандардың бірі – Бердак Юсупов осылай дейді. Бұл елде қазір 29 әріп пен дыбыстық ерекшелігіне қарай бір таңба қолданылады. Қос әліпби қолданыста қатар жүреді. Дегенмен мектеп бағдарламасынан бастап барлық сала латын жазуына біртіндеп көшіп, көркем әдебиет те аударылып жатыр.

БЕРДАК ЮСУПОВ, ТІЛ МАМАНЫ /ӨЗБЕКСТАН/:

 - Негізі латын жазуына өту дүниежүзілік өркениетке, әлемдік коммуникациялық жүйеге шығуға мүмкіндік береді. Демек өзге дүниелермен араларыңыз жақындай түседі. Екіншіден, латын әліпбиі түркі халықтарын бір-біріне одан әрі жақындата түседі. Сондықтан мен қазақстандық қандастарымызды латын әліпбиіне өтуімен шын жүректен құттықтап, табыс тілеймін.

Латын графикасы қазақтың жастарын технология әлеміне бір табан жақындатады. Сонымен қатар, шет тілдерін еркін меңгеріп, оқу үрдісін дамытуға мол мүмкіндік береді. Италиядағы Еуразия зерттеулер институтының директоры Андреа Джанотти осылай деген пікір білдірген еді.  

АНДРЕА ДЖАННОТТИ, ИТАЛИЯДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Латын қарпі технология саласында өте маңызды. Ол желі және ғаламтормен тығыз байланысты. Яғни, технологиялық дамудың алғашқы баспалдағы, лингвистикалық элементі болып отыр. Сондықтан, Қазақстанның латын қарпін енгізуі өте дұрыс деп санаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер