«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде еліміздің барлық аймағында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Зерттеу негізінде орта ғасырларға тән жүздеген құнды жәдігер табылды. Оның ішінде оңтүстік өңірінен табылған қыш құмыралар мен тас, сүйектен жасалған бұйымдар бар. Олардың кейбірі осыдан 4 мың жыл бұрынғы кезеңді қамтиды. Қазба жұмыстарының нәтижелері Ұлттық музейге өткізіліп, бағалы мұраның арғы-бергі тарихы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды. Жәдігерлердің басым бөлігі қатты бүлінгендіктен, реставрация бөліміне табысталды. Енді оларға 1 жылмен 5 жыл аралығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.  

ЗЕЙНОЛЛА САМАШЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, АРХЕОЛОГ:

 - Енді ұлттық музейдің ашылғанына екі ақ жыл болды. Кейінгі осы 2 жылдағы қазба жұмыстарының нәтижелері осында тапсырылып отыр. Сонымен қатар облыстық музейлердің қорына да тапсырылып жатыр. Мысалы, мен осы жоба бойынша Сарайшық қалашығында қазба жұмыстарын жүргіздім. Сол жұмыстардың барлығы Астанаға әкелінбей, сол жерде үлкен туристік, тарихи мәдени кешен жасап жатырмыз. Кешеннің негізін құру үшін сол жерге жинап жатырмыз.

Ал Оңтүстік Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістандағы «Яссы Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы мұражайға айналдырылмақ. Шағын қала Қожа Ахмет Яссауи кесенісінен оңтүстік батысқа қарай 350 метр жерде орналасқан. Көненің көзіндей болған мекеннен 7-8 ғасырларға тән Отырар зергерлерінің теңгелері мен қыш ыдыстары табылған болатын. Қазірде «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» археологиялық жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Биіктігі 9 метр болатын сопақша пішіндес төбешік алдағы уақытта туристердің ошағына айналары сөзсіз.  

ЕРБОЛАТ СМАҒҰЛОВ, ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, АРХЕОЛОГ:

 - Осы уақыттан бері бәз қалашықтың мұнарасын, ауласын, қабырғасын таптық. Бұл біздің заманамызға дейін 1-2 ғасырдағы көне қала болуы мүмкін деген болжамымыз бар. Нақты айту үшін қазба жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Сонда ғана қай ғасырға тән екендігін біле аламыз. Бұл маңды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер