Павлодар облысының мұрағатынан 1929 жылдың тамызында шыққан латын графикасын көшу туралы қаулы табылды. 1929-1940 жылдарды қамтитын  араб әліпбиінен латын қарпіне көшу кезеңіне тиесілі құжаттардың бүгінде маңызы зор. Ертіс өңірінің мұрағат қызметкерлері аса құнды тарихи деректерді зерттеп шықты. Олар «латынға көшу» деген тіркесті құптамай, «латынға оралу» дегенді алға тартады. 

ХАНШАЙЫМ МАҚАЖАНОВА, МҰРАҒАТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Араб жазбасында Кеңестер одағы халықтарының өз еркімен дейді және де осы мәселенің мәдени-экономикалық маңыздылығына байланысты араб әліпбиінен латын графикасына көшу өте маңызды деп көрсетілген осы қаулыда.

КҮЛӘШ ЕСІМХАНОВА, МҰРАҒАТ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Қиындықтарға қарамастан, облыс тұрғындары қазақ тілінің сол кезде енгізілген латынша нұсқасын тез меңгеріп алған. Мұны біздің мұрағаттан табылған іс жүргізу құжаттарына, хаттарға қарап, көріп отырмыз. Оларды оқу қиын емес, тез түсінесің. Біз ол құжаттарды әлі де зерттейтін боламыз.

Сарғайған бумаларда сақталған құжаттар Ертіс өңірінің 19-шы ғасырдан бергі тарихы туралы сыр шертеді. Бүгінде облыстың мұрағаттарында бір миллионнан атам құжат сқаталған. Олардың бес пайызы, яғни 50 мыңнан астамы латын әліпбиінде жазылған. Солардың біразы арнайы көрмеде ел назарына ұсынылмақ.

МАНАТ КЕЛДІБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МҰРАҒАТ БАСШЫСЫ:

 - Бізді қызықтырған құжаттардың арасында латын гарфикасын 1929 жылы енгізу үрдістері. Ол – Павлодар типографиясына жаңа шрифттерге тапсырыс беру, ол халық арасында әр саланы қамтитын, ашатын құжаттар. Ол - мектеп ұжымдарына жаңа кітаптарға тапсырыс беру.

Мұрағат қызметкерлерінің үлкен ізденісі мен облыс архивінде сақталған маңызды деректер латынға көшу мәселесін тереңнен зерделеуге септігін тигізері анық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер