Таразда тұңғыш рет қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі кафедрасы ашылды. Мұнда ғалымдар жаңа әліпбидің орфографиясы мен орфоэпиясын қалыптастыру бағытында еңбектеніп жатыр. Осы мақсатта түріктің «Қарабюк» университетімен тығыз байланыс орнатылып, латын әліпбиіне көшудің әдістемелік қағидалары әкелінген. Қазір зерттеу жұмыстары басталып кетті. Дегенмен бірінші кезекте тұжырымдама жасап алған жөн деп санайды. «Ол латын қарпіне көшудің темір-қазығына айналуы тиіс, дейді тіл мамандары.

ТҰРСЫНАЙ ӘБДІҚАДЫРОВА, ТАРМПУ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ПРОФЕССОР:

 - Біз қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі деген кафедра ашып отырмыз. Осы бағытта осы салада біздің ғалымдарымыз жұмыс істеп оның оқу әсітемелік құралдарын, бағдарламаларын, жалпы бағыт бағдарын тек қана жоғарғы оқу орындарында мектептерде ғана емес, жалпы қоғамдық орындарда осы бағытта қандай іс-шаралар жүргізуіміз керек, алдымызда қандай мақсат міндеттеріміз? Осы бағытта жұмыс істеуіміз керек.

Ал Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада латын әліпбиі залы ашылды. Енді мұнда жаңа әліпбиге қатысты семинар-тренингтер, оқу курстары және лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өткізіледі. Бұл орталықтың тарихшылар үшін де оның маңызы зор болмақ. Сондай-ақ, жаңа залда латын графикасында басып шығарылған кітаптар мен мерзімдік басылымдардың көрмесі қанат жайды.. Олар 1929-1940-шы жылдар аралығында жарық көрген. Болашақта дәл осындай оқыту орталықтары мәдениет және спорт министрлігіне қарасты барлық кітапханаларда ашылмақ.

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ, АКАДЕМИК:

 - Латын қарпіне көшу соншалықты қиын міндет емес. Латыншаны біз бұрыннан танимыз. Көбіміз неміс, ағылшын тілдерін білеміз. Тіпті, қазақтың тарихында латын жазуы болғаны белгілі жағдай. Сондықтан ол бізге жақсы таныс нәрсе, жаңа әліпбиді меңгеруде айтарлықтай қиындықтар туындамайды деп ойлаймын.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер