Қазақстан 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшуді мақсат етіп отыр. Осы орайда арнайы  комиссия құрылып, ғалымдардың пікірі ескерілмек. Қазақтың тоғыз төл әрпі 32 таңбаға негізделді, үндестік заңы да сақталып тұр. Латын қарпіне тез арада көшу еш қиындық тудырмасы анық, тек бірізділік қажет, дейді тіл мамандары.

ЖҰМАЗИЯ ӘБДІРАХМАНОВА, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АМУ, КӨПТІЛДІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Енді бұрынғы әліпбиге қарағанда сәл айырмашылық бар. Мұндағы айырмашылық – ноқаттарымыз. 9 дыбысқа ноқат беріліп отыр. Ал бұл әліпбидің ұтымды тұстарын алатын болсақ мұнда өзіміздің, қазақтың төл дыбыстары толық қамтылған әліпби.

Қазақстан жастары қазақ әліпбиінің  латын қарпіне көшуін уақыт талабымен келген реформа деп есептейді. Маңызды стратегиялық жобаны жүзеге асырып, кем-кетігін түзеуге 8 жыл уақыт бар. Осы ретте, жастар латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиі бекітілген соң үлкен-кішіге ортақ арнайы курстар ашпақшы.

РИНАТ ҒИЛАЖЕВ, ЖАСТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Біздің ағаларымыз, апаларымыз, аталарымыз бар. Біз осыны бір орталық немесе бір курстар ашайық 1-3-6 айлық болсын үйретейік, көзі үйренсін, жазып үйренсін соған біз септігін тигізейік деп жатырмыз. Сондықтан біз мұның бәрін саралап, жоспарлап, бастамас бұрын арнайы мамандармен келісіп бекіткеннен кейін барып осы орталық немесе курстар ашсақ деп жоспарлап отырмыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер