Қазақстандық мәдениет орталығына Германияда білім алып жүрген қазақ студенденттері жиналды. Отырыста Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы талқыланды. Елшіліктің кеңесші-уәкілі Денис Рогов шетелде білім алып жүрген қазақ студенттерінің Елбасының бастамасын қолдайтынын жеткізді. Берлинде өткен шарада «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы», «Туған жер» секілді бағдарламалардың мақсат-мүддесі кеңінен түсіндірілді. Қоғамдық және рухани сананы өсіретін бағдарламаларды жастар белсенді түрде қолдады.  Сонымен қатар, олар қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшудегі ерекшеліктерге де тоқталып өтті.

БИЖАС ИСКАКОВ, МАГИСТРАНТ:

 - Әлемде лайықты орын алу үшін, бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Тек жеке тұлға ретінде ғана емес, бүкіл халық бәсекеге қабілетті болуы керек. Ал, оған қол жеткізу үшін тарихи, мәдени, рухани негіз болу қажет. Осы орайда, «Туған жер», «100 жаңа есім», қазақ тіліне аударылатын «100 кітап» жобалары қатты ұнады.

АЙДАНА ҚАТАРБАЕВА, МАГИСТРАНТ:

 - Қазақ алфавиті латын қарпіне ауысуын қолдаймын. Неге десеңіз? Бұл өзінің көптеген жақсы жақтары бар. Мысалы, ең бірінші айтатын болсақ бұл дейтің информатика саласына өте қолайлы. Неге десеңіз? Көп информатикадағы бағдармалар кириллицаны қолдамайды. Және де ең бастысы бұл біздің бірініші сыныпқа барып жатқан біздің балаларымызға ағылшын тілін оқыған кезде өте оңай болады деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер