Қазақ тілін латын қарпіне көшіру Қазақстан үшін жоғары технология заманында жасалған уақтылы қадам. Жаңа әліпби қазақстандықтардың жас буынына сыртқы әлеммен қатынасын жеңілдетуге үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жырақта жүрген қазақ диаспорасымен қолайлы байланыс орнатуға оң септігін тигізеді, дейді Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов.

ТАЛҒАТ ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР СІМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Рухани жаңғыру бойынша мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы жария етілгеннен бері, СІМ жаңа әліпбиді енгізудің тиімділігін түсіндіру бойынша жүйелі қызмет етуде. Сондай-ақ латын қарпіне көшкен әлем мемлекеттерінің тәжірибесін зерттеу бойынша ақпараттық-сараптамалық жұмыс жүргізіліп келеді.

Латын әліпбиіне көшу елімізде кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бұл реформаның мән-маңызын түсіедіру мақсатында Ақтөбедегі Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда жаңа үлгідегі әліпбимен қатар мұражайларда сақталған, ескі газет көшірмелері, латын қарпімен жазылған түрлі құжаттар қойылған. Бүгінде, қала кітапханаларында жаңа әліпбиді үйрену залдары да жасақталып жатыр. Алдымен өңірдегі кітапханашылардың өзіне дәріс оқылады. Олар, толық меңгерген соң, әрбір кітапханада осындай орталық ашылғалы жатыр.

КЛАРА СЕРҒАЗИНА, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Латын графикасына үйренемін деген адам сол кабинетке келіп оқуға болады. Бала мектептен оқыр. Ал ересек тұлға оқуға қайда барады? Кітапханаға келсе, көзі ашық кітапханашы оған кітаптарды көрсетіп, жол көрсетсе, әрине құба-құп болар еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер