Латын қарпіне көшу мәселесі қоғамның қызу талқысына түсіп, әлеуметтік желілерде де біраз пікірлер айтылып жатыр. Көпшілік Елбасы бастамасыvен қолға алынған тіл реформасы ұлтымыздың қайта жаңғыруына өз септігін тигізеді деген пікірде. Ал төл әріптеріміз апастроф тәсілімен таңбалауға негізделсе де, оны меңгеру еш қиындық тудырмайды. Қоғамда қызу талқыға түскен мәселеге қатысты депутат Сауытбек Әбдірахманов өз ойын білдірді.

САУЫТБЕК ӘБДІРАХМАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Бұл жұмыс өте шұғыл жүргізілетін жұмыс емес. Бірте-бірте, кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыс. Барлығы халықпен ақылдаса отырып жасалған әліпби құтты болсын дейміз. Еліміздің, тіліміздің бағына қызмет етеді деп сенгіміз келеді.

Жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу ел өмірінің барлық салаларында жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Бұл ретте тілтанушы мамандар 32 таңбаның мәселесінен бөлек, емле-ережесін бекітіп, дыбыстық жүйені сақтай отырып сөздіктер жасауды қолға алу керек дейді.

АСҚАР АБДУАЛЫ, М.Х ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРМУ ПРОРЕКТОРЫ:

 - Ең басты нәрсе тіл мамандарымен келісе отырып, осы латын графикасына көшудің тұжырымдамасы қабылдануы керек. Соны басшылыққа ала отырып тілді жазу, үйрету жұмыстары барлық деңгейде ашылуы керек. Әрине бұл жұмыстар бір мезгілде толық қамту күрделі болуы мүмкін. Бірақ алғашқы бастама жұмыстары жасалуы керек.  Бұқаралық ақпарат, сыртқы безендіру, жарнамалық жұмыстар да латын тіліндегі халыққа түсінікті терминдерді осы латын графикасымен берген дұрыс деп санаймыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер