Жаһандану кезеңінде тіл жаңғырту мәселесінің талқылануы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін аңғартады. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Бақтыбек Таубаев осындай пікірде. Оның айтуынша, латын қарпі қазақты бүкіл әлемнің танып-білуіне жол ашып, тың мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

БАҚТЫБЕК ТАУБАЕВ, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АМУ ПРОФЕССОРЫ:

 - Инновациялық деңгейімізді арттыруға, бәсекелестікті арттыруға, инвестицияның тартымдылығын күшейтуге, сол сияқты мына адам капиталын дамытуда тікелей байланысты. Себебі бұл қазір жаһандану үрдісі, мына айталық ақпараттық үрдіс осындай процестер жүріп жатқан уақытта латын қаріпіне көшуіміз біздің стратегиялық мәселелермен тікелей байланысты.

Қостанайлық ғалымдар да латын қарпінің бұрын біздің тәжірибемізде болғанын ескеріп, кирилица тұсында дыбыстық жүйеден кеткен қателіктерді түзетуге мүмкіндік туды дейді. Сонымен қатар, біз латын қарпіне жаңа көзқараспен келдік деген пікірді алға тартады. 

АЛМАСБЕК ӘБСАДЫҚ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Себебі, әлемнің өркениетті елдерінің басым көпшілігі осы латын қарпін қолданады. Қазіргі заманауи техника, компьютер, ақпараттық технологияларда негізгі бағдарламалары латын графигінде жасалынады. Сондықтан латын графикасын қабылдау арқылы біз әлемдік көштің қатарынан қалмауға әрекет жасап жатырмыз деп санаймыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер