Латын графикасына негізделген қазақтың жаңа әліпбиі біздің егемендігімізді нығайтып, болашағымызды айқындай түспек. Бұл –Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрыновтың пікірі. Ол қазақ тілінің табиғатына сай келетін әлібидің қолданысқа енуі гаджеттер мен ұялы телефондарды, компьютерлерді еркін пайдалануға мол мүмкіндік береді дейді. Ғалымдар латын әліпбиі арқылы қазақ тілінің төл табиғатын қалпына келтірмек. Енді әліпбиде 32 әріп, оны үйрену қиын емес. Академик Мұрат Жұрынов осы әліпбиді қолдап, тезірек тәжірибеге енгізу керек дейді.  

МҰРАТ ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:

 - Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ең ыңғайлы әрі жеңіл болмақ. Әріп жанына қойылған үтір қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды таңбалауды білдіреді. Мысалы, «А» әрпі барлық халыққа таныс. Ал «Ә» әрпі, «А`» дәйекшесімен  жазылды. Демек, «Ә» әрпі екенін анықтау қиын емес. Сол секілді «О`» әрпі де дәйекшемен жазылады. Мұны үйрену оңай. Бір-екі рет қарап алсаңыз, есте сақтау қиын емес. Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне қарсылық танытпайды. Бұл латын әліпбиі түркі тілдеріне ең ыңғайлы латын әріп жүйесі болмақ.

Ғылым мен білім көкжиегіне терең бойлап, қанатын серпіген Қазақстан үшін латын қарпіне көшудің маңызы зор. Демек, еліміз алып мемлекеттермен терезесін теңестіре алады. Осы орайда, қоғам қайраткерлері өскемендік студенттермен кездесіп, пікір алысқан еді. Жиырма бірінші ғасыр латын қарпіне негізделген жаңа технологиялар дәуірі десек, бүгінде жас ұрпақ тіл үйренуден бөлек, IT саласына көңіл бөліп, танымын кеңейтуде. Дүниежүзі халықтарының 85 пайызы латын қарпін қолданады. Бұл игі бастама Қазақстан үшін де нәтижелі болмақ. 

ЕРЛАН САЙЫРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Қытай, Жапония секілді алпауыт елдер, пиньинь, ромадзиден өтіп, латын қарпіне көшкеніне біршама уақыт болды. Бүгінде ғылым мен техниканың 90 пайызы латын қарпінде. Демек, латын әліпбиіне көшуі біздің ұрпағымыздың интелектуалын арттырып, болашақта  ілім мен білімді жан-жақты жиюға мол мүмкіндік береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер