Латын графикасына көшу шетелдіктерге қазақ тілін, ал өзімізге шет тілдерін үйренуді жеңілдетеді. Сенатор Сергей Ершов осылай деп өз ойын білдірді. Сонымен қатар, оның айтуынша, латын әліпбиіне ауысудың экономикалық әсері де оң болмақ. Атап айтқанда, ол кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін беріп, шетелдік инвесторлардың ел нарығында жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұл бизнес саласында әріптестіктің нығаюына септігін тигізбек.

СЕРГЕЙ ЕРШОВ  ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Мен қазір сенатта қазақ тілін үйреніп жүрмін. Сонда ұққаным, кириллица қазақ тілінің шын мән-мағынасын бере алмайды. Мұны белгілі ғалымдардың өзі айтып жүр. Мен оларға толығымен қосыламын. Жақсы нәрсені үйрену ешқашан қиындық келтірмейді. Мен латын графикасына көшуді толығымен қолдаймын. Бұл ағылшын тілін меңгеруімізді де жылдамдата түседі дер едім.

Латын қарпіне көшу жалпы халықтық талқылаудан өтіп қабылданды. Бұл жаһандану дәуірінде жасалған маңызды қадам. Ендігі кезек оны қолданысқа енгізуде болып тұр. «Осы бағытта ғалымдар тиімді әдістемелер жасап, қоғамға ұсынуы тиіс» дейді Тараз Инновациялық-Гуманитарлық Университетінің профессоры Қасиет Кәкенұлы.     

ҚАСИЕТ КӘКЕНҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Өзіміздің тарапымыздан еміле жасау дүниесі жоба бойынша бекітілген. Оған тағы бір өзгерістер болып жатса енді Ата заңның өзінде де өзгерістер енгізіліп жатады ғой. Сол сияқты мұнда да практикалық іс-тәжірибе көрсететін болады. Осыған байланысты бізде өз жұмысымызды аянбай қазақтың алфавитін, қазақтың еміле ережелерін, қазақтың дүниесін жасауға ат салысуымыз керек деп ойлаймын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер