Қазақстан латын әліпбиіне көшуде ТМД-дағы түркі тілдес елдердің ең үздік тәжірибесін алуы тиіс. Парламент сенатының депутаты Динар Нөкетаеваның айтуынша, латын қарпіне кезең-кезеңмен көшкен маңызды. Алдымен БАҚ арқылы ақпараттық жұмыс жүргізіп, кейін бастауыш сыныптарда латын қарпін енгізіп, кітаптарды латыншаға көшіріп, оқыту курстарын ұйымдастыру қажет.

ДИНАР НӨКЕТАЕВА  ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Латыншаға көшу дегеніміз мемлекетті емес, қазақ тілін латын қарпіне көшіру дегенді білдіреді. Кириллица мен басқа тілдер қатар жүре береді. Бүгінгі күні мұны халық қолдап отыр. Оны ақпарат құралдарынан оқып жүрміз. Сондықтан мұны мен ортақ жеңіс деп есептеймін. Бұл дегеніміз рухани бастауымызға қайта оралу.    

Латын графикасының орфографиялық ережелер жиынтығын жасау керек. Бұл Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Жанар Таласпаеваның пікірі. Филология ғылымдары кандидатының айтуынша, бұл – сөздің дұрыс жазылуын қалыптастырады. «Сонымен қатар латын қарпін үйрететін мұғалімдерді даярлап, оқу-әдістемелік құралын құру қажет»,-дейді доцент.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

 - Көше атауларын, жарнамалық материалдарды қазірдің өзінде латын қаріптермен жаза бастау керек сияқты. Күнде көріп жүргеннен кейін халықтың көзі біртіндеп үйрене бастайды. Осылайша, латын қарпіне көші процесі, оны меңгерудің өзі едәуір жеңілірек болады ойлаймын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер