Латын әліпбиін түсіндіру мәселесі бойынша құрылған республикалық ақпараттық топ мүшелері ел өңірлерін аралауда. Мақсат – алдағы уақытта құрылуы тиіс мемлекеттік комиссияға аймақ халқының ұсыныстары мен талаптарын жеткізу. Топ құрамында қазақ қоғамына танымал тұлғалармен қатар6 жергілікті зиялы қауым өкілдері де бар. Атырауда олар алдымен мұнайлы өлкенің белсенді жастарымен кездесіп, ой-пікірін ортаға салды. Жаңа әліпби тың технологияларды жақсы меңгерген өскелең ұрпақ үшін қиындық тудыра қоймасы анық. Жастар тек жаңа әліпби нұсқасын қабылдар кезде ана тілімізге тән барлық ерекшеліктер сақталса дейді.

ЕРЛАН САИРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Ең негізгісі, Қазақстанның түкпір-түкпірінде жастар латын әліпбиін енгізуді қолдап және өздері соған практикалық үлес қосқысы келіп отыр. Өздеріңіз көрдіңіздер жаңа көптеген азаматтар нақты ұсыныстарын айтты. Енді біздің осы топ тек қана Атырау емес басқа өңірлердің барлық жастарының барлық ұсыныстарын бір жинап, топтап мемлекеттік комиссияға ұсынатын болады.

Әлемде 4 млрд адам латын қарпін қолданса, ғылыми еңбектерді жариялайтын журналдардың 70 пайызы латын графикасымен жарық көреді екен. «Жаһандану көшіне ілескен Қазақстан үшін латын әліпбиінің маңызы зор»,-дейді Ақтөбеде ақпараттық топпен кездесуге жиналған қауым. Басқосуға келген жастар, ұстаздар және тіл мамандары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

ҚАНАТ ӘУЕСБАЙ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕСІ:

 - Халықтың арасында қолдау басым. Көпшілігі қосқолдап қолдап отыр. Бірақ, кейбір сауалдар бар. Латын әліпбиінің қай нұсқасы болады,осы ұсынылған тиімді ме деген сауалдар туындап, оған біз бұл нұсқа нақты шешім емес екенін, келешекте жетілдірілетінін, артық-кем тұсы болса алынатынын және түрлі ұсыныстарды қағазға түсіріп, қаттап тиісті құзырлы органдарға жібереміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер