«Астана Балет» Брюссельде өнер көрсетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Еуропадағы тұсаукесері аясында «Ұлы Дала мұралары» атты гала-концерт өтті. Әлемдік классика мен қазақтын ұлттық музыкасына қойылған балетке еуропалық көрерменнің қызығушылығы зор. Концертке бірнеше күн қалғанда кассада билет қалмаған.

АЙГҮЛ ТӘТИ, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТМЕЙСТЕРІ:

 - Әрине ол біз үшін  үлкен жауапкершілік және біздің театр үшін бүл үлкен мәртебе. Соның ішіндегі біздің ұлттық «Ұлы Дала Елі» бағдарламамыз. Біздің ұлттық дәстүрде, ұлттық әуенге қойылған ұлттық хореографияның пластикасы негізінде қойылған біздің ұлттық билер. Біз көрерменге өзіміздің мәдениетімізді, хореография арқылы тілімен жеткізгіміз келеді.

Көрермендер Эдит Пиаф репертуарындағы әуенге қойылған «Love Fear Loss» қойылымын өте жылы қабылдады. Ал қазақ халқының салт-дәстүрі, қыздарының хас сұлулығы, «Ұлы Дала Елі» ұлдарының жігері, Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованың күйлеріндегі ерекше бояу - көрермендерді көшпенділер мекенінен бірақ шығарды.

ЖӘНІБЕК АТАУШИЕВ, КӨРЕРМЕН:

 - Қазір енді қарап жатқаным «Астана Балет» Бельгиядағы өте әдемі! Постановкасы өте қызық, бұрында көрмегендей деп ойлаймын. Болашақта да көруге де тілектеспін. Қазақстан рухани жағынан дамысын!.

Австриялық Дэвид Джонатанның «Астана Балет» театры құрамында өнер көрсетіп жүргеніне бір жарым жыл ғана болған. Дегенмен, алғашқы сезім мен махабаттың құдыреті жайлы «A fuego lento» бір актілі қойылымында жеке ойнайды.

ДЭВИД ДЖОНАТАН, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Хореграф Рикардо Амаранте дәл осы қойылымға биші іздеген. Мені шақырған соң,  «Астана Балеттің» бір мүшесі болдым. Астанадағы өмір өте қызық. Көптеген түсаукесерлер болып тұрады. Бұл «Астана балет» әртістері сынды, жастардың энергиясына толы заманауи қала. Алға қойған мақсатымыз көп!.

МАРК ИВАСИЛЕВИЧ, ӨНЕРТАНУШЫ /ФРАНЦИЯ/:

 - Еуропаға келген сіздің труппаның барлық мүшелері өздерін өз үйлеріндегідей сезінді! Сізде жаңадан салынған ғаламат театр, бүкіл әлемнің дарынды хореографтарын жиып отырған Академия бар. Меніңше, сіздің театр Жапония, Қытай және Батыс Еуропа өнерін тоғыстырып отырған әлемдік зертханаға айналып келеді.

Қазақстандық бишілердің өнеріне тәнті болған бельгиялықтар орындарынан тұрып, қол соқты. Ал «Астана Балет» театры күзгі гастролін Санкт-Петербургте аяқтайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер