Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында қазақ қолөнерінде ғасырлық қолтаңбасы бар Шоқпаровтар әулеті тұрады. Кезінде облыстағы алғашқы қолөнер мұражайын ашқан Дәркембай ұстаның ұрпақтары отбасылық кәсіпті жалғастырып келеді. 2400-ден аса жәдігер жинақталған бұл жерге шет елден де туристер көп келеді.

ДӘУЛЕТ ШОҚПАРОВ, «ҰСТА ДӘРКЕМБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚОЛӨНЕР МУЗЕЙІ» МКҚК ДИРЕКТОРЫ:

 - Ертеде бабаларымыз осындай осындай құмыра ойлап шығарған. Қарап отырсаңыз еш жерінде тігісі жоқ. Мысалы, Торсық, Саба, басқа да ыдыс аяқтар теріден жасалады да, міндетті түрде тігісі болады. Мынаны былай қарап отырсаңыз тігісі жоқ, бүтін бір жасалған дүние.

Дәркембай ұста өмірінің соңына дейін ұлтымыздың ұмыт болған қолөнерін қайта жаңғырту жолында көп ізденіп, көне жәдігерлер жиынтығын жасап кетті.  Атакәсіпті жалғастырып келе жатқан оның ұлы Дәулет Шоқпаровтың айтуынша, мұражай бір әулеттің ғана емес, күллі қазақтың тарихы мұрасына айналды.

ҚҰРМАНҒАЗЫ ҚАДЫРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Бұл Республикамызда ең алғаш ашылған, ең бірінші қолөнер мұражайы болып есептеледі. Неге десеңіз, басында айтып өттік, Дәркембай көкеміздің 40 жыл, 50 жыл жинаған мына мұражайдағы осындай экспонаттарын әкеліп, біз қойдық.

Болашақта мұражай жанынан қолөнер мектебін ашу жоспарланып отыр. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырылатын маңызды жоба болмақ. Көне өнерді құрметтеп, оны жастарға үйрету, заманға сай жаңа леп беру – басты мақсат. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер