Латын қарпін бүгінде әлемдегі отыздан астам ел қолданады. Ол мемлекеттер экономикалық жағынан да, теxнология тұрғысында да жақсы дамыған. Сондықтан Қазақстан латын әліпбиіне көшу арқылы жоғары теxнологияны жедел игеруге жол ашады. Қытай Орталық Ұлттар университетінің философия докторы У Чукэ осындай пікір айтты. Оның пайымынша, қазіргі таңда Қазақстан әлем таныған іргелі елге айналып келеді.

У ЧУКЭ, ҚЫТАЙ ОРТАЛЫҚ ҰЛТТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ:

 - Президент Назарбаев Қазақстан Республикасының латын әліпбиіне көшуіне байланысты Жарлыққа қол қойды. Әлем елдерінің арасында отыздан аса мемлекет латынша әлипбиді пайдаланады. Ал Қазақстан үшін латынға өту жоғары теxнологияны одан әрі жылдам дамытуға мүмкіндік береді.

«Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан үшін тарихи қадам», деп есептейді Прусс қоғамдастығының Президенті Фолькер Чапке. Неміс сарапшысы Елбасы бастамасын еліміздің дамуына тың серпін беретін маңызды шешім деп атап өтті.

ФОЛЬКЕР ЧАПКЕ, ПРУСС ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Президенттің латын әліпбиіне көшу жөніндегі шешімі – керемет бастама. Бұл – Қазақстан тарихында қалатын шаралардың бірі. Латын әліпбиіне көшу Еуропа мен Қазақстан арасына берік көпір салып береді. Бұл дегеніңіз туризм, айти индустрия, кәсіпкерлік, дипломатия салалары үшін маңызды. Мысалға, шетел саяхатшылары еш қиындықсыз қай жерде жүргенін, қала, көше атауларын қиналмай оқи алады. Әрине, бұл «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламасының маңызды бөлігі болғандықтан, қазақстандықтарға табыс тілеймін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер