«Ұлы Жібек жолының» әлем халықтары мәдениетіне әсері. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырауда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда осы мәселе талқыланды. 5 мемлекеттің тарихшы ғалымдары мен археологтары заманында Жайық жауһары атанған Сарайшық қаласының орнында болды. Мұнда жәдігерлер сол кезеңнің тарихы мен мәдениеті, экономикалық ахуалынан сыр шертеді. 13-ғасырда салтанат құрған Сарайшық қаласы Ұлы Жібек жолының бір бөлігі ғана, - дейді ғалымдар.

РАШИД РАХАЕВ, РЕСЕЙ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Біздің мақсатымыз Жібек жолы бойындағы барлық тізбелерді жалғау. Сонда ғана Шығыс пен Батысты жалғасыратын толық тарих жасақталады.

Ресей, Әзірбайжан, Түркия ғалымдарының пікірінше, қазақстандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзге мемлекеттерге де төл  тарихын тереңірек зерделеуге серпіліс берген.

АБДУЛЛА ГҮНДОГЛЫ, АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Жібек жолының басты артықшылығы, өз заманында  оған керуен жолындағы барлық мемлекеттердің қызығушылығы болды. Ол жөнінде әйгілі араб жиһанкезі Ибн Баттутаның жазбаларында толық қамтылған. Байқап отрысақ, сол еларалық байлапныс әлі күнге маңызын жойған жоқ.

Көне сауда жолының мән-маңызы орта ғасыр тарихын зерттеу мен шектелмейді. Ол біздің заманымызда да өзара ынтымақтастығықты тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

ИСМАИЛЗАДЕ ЭЙТЮБОГЛЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ /ӘЗЕРБАЙЖАН/:

 - Біз Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасын қосатын дәліздер сала отырып, көне бағыттарды қайта жаңғыртып жатқанына куәміз. Жібек жолының бірнеше тармағы болған. сол себепті жаңа көлік жүйесіне Әзербайжанды кірістіру жағын да ойластыру қажет.  

Осылайша заманында тоғыз жолдың торабы болған көне Сарайшықта тарихи маңызы зор келелі кеңес өз мәресіне жетті. Конференцияға жиналғандар келешекте Ұлы Жібек жолына қатысты тарихи орындарды зерделеу үшін халықаралық экспедиция жасақтауға, қазба орындарынан шыққан жәдігерлердің  көшпелі көрмесін ұйымдастыруға бәтуа байласты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер