Латын әліпбиі әлемге тарыдай шашылған қазақтарды біріктіруге мүмкіндіктер ашады. Қытайдағы қандастарымыздың пікірі осындай. Олардың ойынша, латын әліпбиі әмбебап. Ол әлемдегі кез келген тілдің фонетикалық ерекшеліктерін дәл бере алады. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды округінде тұратын түркі тілдес 12 халықтың өкілдері латын әліпбиін қаншама жылдардан бері тиімді пайланып отыр. Ортақ әліпби болғаннан кейін олардың бір-бірін түсінуі де оңай.

ПӘРМЕНБЕК ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ЖУРНАЛИСТ:

 - Біздің қайта оралу ма, жоқ біз жаңадан жасап жатырмыз ба? Бұның тарихына мен онша таласпаймын. Тек бұның осы алға қойылып жатқан осы бір үлкен қазақ халқы үшін игеріліп кеткендігіне қуанамын және осының дами беруіне, жаңғыра беруіне, кемелдене беруіне тілектеспін.

Қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесі шетелде де талқылануда. Украинаның білім және ғылым министрінің орынбасары Роман ГрЕба Қазақстанның латын қарпіне көшуі мемлекеттік интеллектуалдық кодын жаңа сатыға көтереді деп есептейді. Сарапшы еліміздің бұл қадамы келешекте ұлттық білім жүйесінің мықты тірегіне айналады деген пікірде.

РОМАН ГРЕБА, УКРАИНА БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Кітапхананың құнды дүниесін жаңа қаріпке алмастыру, интернет тілін, заң тілін латын әрпіне көшіру біраз әуреге салуы ықтимал. Алайда, жылдар өткеннен кейін бұл жоба үлкен жемісін бере бастайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер