Қазақ елінің латын әліпбиіне өтуін Қытайдағы қандастарымыз да қолдап отыр. Жиырма жылдан астам латын қарпін пайдаланған Шыңжандағы ағайын қазір төте жазуды пайдаланады. Ал кирилл қарпін көпшілігі танымайды. Сондықтан латын алыстағы ағайынмен ақпарат алмасуды жеңілдетеді. Белгілі түркітанушы, ғалым Еркін Ауғали осылай дейді. Қырық жылдан бері Қытай Орталық Университетінде орхон-енисей, араб, ұйғыр тілдерінен сабақ беріп келе жатқан ғалым, көне түрікшені де латыншаға транскрипциялаған.

ЕРКІН АУҒАЛИ,  ҚЫТАЙ ОРТАЛЫҚ ҰЛТТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Латынға көшуді ұзақ жыл талқылап, билік те, ғалымдар да сабырлықпен толық талқылап өткізіп, қабыл етуі, бұл өте жақсы, дұрыс. Өз білуімде 90-шы жылдардың ортасында біраз елдер асығыс өтті. Ал енді Қазақстанда біраз талқыдан өтті.

Қазақстанның латын қарпіне көшуі жаһандық үдерістегі ұстанымын күшейтеді. Орталық Азия елдері бойынша неміс сарапшысы Гюнтер Кнабе осылай дейді. Оның айтуынша, латын графикасы қазақ тілін қолжетімді етеді. Сөйтіп, шетелдіктер үшін оны меңгеру оңайға соғатын болады.

ГЮНТЕР КНАБЕ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ БОЙЫНША САРАПШЫ:

 - Бұл оңай болмайды. Дегенмен, латын қарпіне көшу үлкен әрі маңызды қадам. Президент қаулысымен бекітілген нұсқаны қолдаймын. Бұл өте парасатты шешім. Яғни, жаңа реформа Қазақстанды әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті әрі мықты мемлекет қылады. Себебі латын қарпі танымал және сұраныста.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер