Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің ережесі жазыла бастады. Жұрт болып қабылдап, Елбасы қол қойған әліпби қазақ тілінің ұмытылып кеткен ережелеріне қайта жан бітіреді, дейді халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы. Алматыда Ғылым ордасында латын әліпбиін қолданысқа енгізудің тиімді жолдарын талқылаған конференция өтті. Жиынға келген Жазушылар одағы, тіл институтының өкілдері және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері жаңа әліпбиді енгізуде қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылығын сақтау қажеттігін айтты.

ӨМІРЗАҚ АЙТБАЙҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Емле, ережелерін жазуымыз керек. Баяғыда біз емле, ережелердің барлығын орысқа қарай бұрып, дән жазуымызды бүлдіріп алдық. Енді соның барлығын қалыпқа түсіру үшін бірталай жұмыстар жасалады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары осы уақытқа дейін аталмыш шаруаларды бітірді. Енді ары қарай бірнеше жоспар құрылмақ.

Ал Таразда тіл білімі мамандары ұстаздар мен латын әліпбиіне көшу бойынша республикалық жұмысшы топ өкілдері кеңес құрды. Басқосу барысында қатысушылар алдағы уақытта жасалатын әдістемелік құралдар мен оқулықтардың құрылымы бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде, сондай-ақ, латын графикасын көпшілікке үйрететін мамандар дайындау мен курстар енгізу жайы да сөз болды.   

ӘЛІМХАН ЖҮНІСБЕК, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Ұлттық емле-ережеміз болу керек, әліппе ұлттық болуы керек, емле-ереже ұлттық болу керек. Сол кезде оны үйрету де оңай болады, әдістемесі де жеңіл болады. Мына мұғалімдердің айтылып жатқан пікірлері бар, оны біз жазып алып отырмыз, есептеп отырмыз. Оның бәрі бір жерге жинақталып, сосын сұрыптаудан өтіп, ішіндегі тиімді не пайдалы деген ұсыныстар міндетті түрде қабылданады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер