Тіл реформасы – рухани жаңғыруымыздың темірқазығы, дейді ғалымдар. Ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері өзімізге ғана тән дыбыстардың мән-мағынасының жойылмауының маңыздылығын айтады. Жаңартылған тіл таспадағы төл дыбыстар алдындағыдай қосарланып емес, әріптің үстіңгі оң жағына ноқат қойылып белгіленеді. Бұл үлгі – көпшіліктің көңілінен шыққан  жалпы халықтық таңдаудың жарқын нәтижесі, дейді жоба авторлары.

АЛМАЖАН ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ, Ш. ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұл әліпбидің көз дағдыға және қол дағдыға өте оңай, тілге жеңіл, қолдануға өте ыңғайлы деп айтсам болады. Елбасымыз айтады ғой: «Қазақстан - әр қазақтың Отаны» деп, мен айтар едім, мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі қазақтың ортақ стандарты болуы керек деп.

Дүние жүзінде латын әліпбиін 4 миллиард 300 миллион адам пайдаланады. «Әлем халқы бет бұрған латын қарпіне көшу - әлемдік үдеріске бір табан жақындау», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрған республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері.

АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК, АҚЫН, АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Елдің бәрі латын әліпбиіне көшуді қолдап отыр. Көптеген жақсы ұсыныстар айтылды. Латын әліпбиін айтатын болсақ, бұл біздің қазіргі мемлекеттік рәміздеріміз сияқты дүние ғой. Латын әліпбиін қабылдау бұл конституцияны қабылдаумен бірдей.

«Латын қарпіне оралу – саяси қадам, оңды шешім әрі тарихи оқиға. Латын әліпбиі арқылы біз түркі халықтарына тілдік тұрғыдан жақындауға мүмкіндік аламыз. Әрі  рухани кемелдене түсеміз»,- дейді жиынға қатысушылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер