Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 107 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Солардың бірі жергілікті қолөнершілерді елге танытып, төл өнерімізді насихаттауды көздейді. Бахтияр секілді шеберлерге қолдау болатын тың жоба ауданда 2018-2019 жылдары жүзеге асырылады. Оның аясында аудан орталығында қолөнер бұйымдарының ірі көрмесі ұйымдастырылмақ. Бұл көрме кейіннен ауылдарды да аралайды. Қолөнер шеберлерінің облыстық музейде жеке көрмелерін өткізу де жоспарланған.

БАХТИЯР БЕЛГІБАЕВ, ЗЕРГЕР:

 - Әкемнен қалған бұл өнер, ағама да ініме де қонбады. Ауылдың біраз жігіттері де келіп, менен үйренбекші болды. Алайда, олардан да түк шықпады. Соған қарағанда қолөнер екінің біріне бұйыра бермейтін кәсіп. Арнайы шеберханам болса, әшекейлердің түр-түрін жасар едім.  

БАҒДАГҮЛ НҰРЖАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Ол жобаның мақсаты, осы аудан көлеміндегі қолөнер шеберлерінің жұмыстарын сақтау, дамыту және оларды жұртшылыққа танымал ету. Сондай-ақ дарынды балаларды, жастарды тарту. Содан кейінгі жоспарымызда жоба туралы фильм түсіру. «Өнер көзі – халықта» атымен журнал шығаруды көздеп отырмыз.

Жоба іске асатын Жақсы ауданында қазір 50-ден астам қолөнер шебері бар. Бірі темірден түйін түйсе, тағы біразы ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Тігіншілік пен бейнелеу өнері де өңірде жақсы дамыған.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер