Қазақстандық дизайнерлер өз топтамаларын Мәскеу қаласындағы сән апталығында көрсетті. Шараның екі күні «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналды. Түрлі бағытта жұмыс істейтін сегіз дизайнерді ортақ мәдени код біріктірген. Сәнгерлер өз туындылары арқылы қазақстандық сәннің сан алуандығын көрсетуге басымдық берген.

АЛЕКСЕЙ ЧЖЕН, KAZAKHSTAN FASHION WEEK НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

 - Ресейліктер қазақстандық сәнгерлердің туындыларын ұнатады. Мәскеуде біздің дизайнерлердің дүкендері де бар. Себебі олар Азия мен Еуропаны біріктірген еуразиялық стильді, бояуды жақсы көреді.

АИДА КАУМЕНОВА, ДИЗАЙНЕР:

 - Біздің керемет салт-дәстүріміз, терең мәдени тарихымыз бар. Бұл арқылы әлемді танқалдыра аламыз. Топтамаларымызды біріктіретін де осы: көрермендердің ерекше қызығушылық танытуы.

Қазақстан мұнда бірінші рет қатысып отырған жоқ. Дегенмен «Рухани жаңғыру» ұраны әріптестік көрсетілімге алғаш рет қойылған. Бұл тақырыпты әр дизайнер әр түрлі елестеткен. Мәселен, бірі қазақ тігісінің техникасын көрсетсе, енді бірі өз топтамасын Роза Бағланованың 95 жылдығына арнапты.

Отандық дизайнерлерлің ендігі мақсаты – экспортқа шығу. Бүгінде ол үшін өзіңді мойындатып, танымалдылыққа қол жеткізу керек. Өз кезегінде, көрсетілім қонақтары таныстырылған топтамаларға жоғары бағасын берді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер