Латын әліпбиінің емле ережесі жаңа жылға дейін дайын болуы мүмкін. Бұл жайлы Астанада өткен сарапшылар форумында белгілі болды. «Қазірде бекітілген ортақ ереженің жоқтығы, жиналған әдеби қорды толықтай латын тілінде электронды жүйеге көшіруге кедергі болып отыр», - дейді тіл мамандары. Жиында латын қарпіне қатысты қоғамдық пікірлер сөз болып, оған көшудің кезеңдері талқыланды. Бұл тұста оқыту орталықтары мен қажетті мамандардың біліктілігін арттырудың маңызы арта түскен.

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Шаяхметов орталығы латын әліпбиін енгізудің, оны жазудың емле ережесі шығып, бекітілгеннен кейін біз арнайы курстар ұйымдастыратын боламыз. Келесі жылғы бюджетте ол қарастырылып жатыр. Сосын көшпелі семинарлар болады.

Маңғыстау облысының басшылығы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Елбасы жарлығын нақты іске асыруға кірісіп кетті. Облыстық әкімдіктен бастап өңірдегі бүкіл қала, аудан мен ауылдағы әкімдік ғимараттарына жаңа әліпби бойынша жазылған тақтайшалар ілінді. Бұл бастама аймақтағы барлық мемлекеттік мекемеде жалғасатын болады. Еске салсақ, жаңа әліпбидің бекітілген нұсқасында төл дыбыстарды апостроф тәсілімен таңбалауға негізделген.

ГҮЛЗАЙДА ТӨЛЕУҒАЛИЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Қазақ әліпбиі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен латынға көшу жүзеге асырылатын болады. Бірақ енді алдағы уақытты күтпей-ақ Маңғыстау облысының әкімдігі атаулар жазылған маңдайшаларды латын графикасында, латын таңбаларымен жазып, іліп бастадық. Бұл әрине көпшіліктің жұртшылықтың көздері үйреніп, жылдамырақ үйреніп кетуге, жаңа әліпбимен жұмыс жасап кетуге ықпалын тигізеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер