Зэ Лондон Пост («The London Post») газетінің бас редакторы Шахид Куреши қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін құптап отыр. Оның ойынша, тың бастаманың арқасында Қазақстан жаңа сатыға көтеріліп, бүкіл әлемге бір табан жақындай түседі.

ШАҺИД КУРЕШИ, «THE LONDON POST» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

 - Меніңше, мұнда әлемдік қауымдастықпен біте қайнасу мәселесі жатыр. Латын әліпбиін қолдана отырып, сіздерге көптеген тілдерді тез түсіну мүмкіндігі туады. Мүмкін, бұл біз үшін де тиімді – біз сіздердің тілдеріңізді аудармашысыз ұға бастайтын боламыз. Бұл болашақ ұрпақ үшін жасалған өте көреген бастама деп айтар едім.

Британиялық зиялы қауым өкілдері латын қарпіне көшу мәселесінде еліміздің дұрыс жол таңдап алғанына және бұл істе жетістікке жететіндігіне сенімді. Олар Қазақстанның көрші мемлекеттердің оң тәжірибесіне сүйене отырып, маңызды шаруаны абыроймен атқаратындығына үмітті.

КАТРИН ДЖЮДЛСОН, АУДАРМАШЫ:

 - Мен Орталық Азияның кейбір мемлекеттері жасаған кемшіліктер ескеріледі деген үміттемін. Сіздер әліпбиді өзгертіп, сәйкесінше балаларға арналған жаңа кітаптар басып шығармақшысыздар. Бұл өте маңызды миссия. Бұл іске білек сыбана кірісетін мықты педагогтарыңыз бен баспагерлеріңіздің көптігіне күмәнім жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер