Танымал қазақ әншісі әрі домбырашысы Айгүл Қосанова Бразилияда шеберлік сабағын өткізді. Оған Латын Америкасындағы ең ірі мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің өкілдері де қатысқан. Отандасымыз елдің бас университетінің өнер институтында жергілікті студенттерге домбыраны таныстырып, қазақ музыка өнерінің қалыптасу тарихы жайлы баяндап берді. Артынша Айгүл Қосанова ұлттық аспапта ойнап, бразилиялықтарды өнерімен тәнті еткен. Жергілікті жұрт мұндай шараның көп пайдасы барын айтады. Өйткені ол қазақтың музыка өнерімен етене танысып, қос мемлекет арасындағы мәдени диалогты нығайтуға мүмкіндік береді.

АЙГҮЛ ҚОСАНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АРТИСІ:

 - Бразилия еліне келген кездегі ең алғашқы қадамымыз осы біздің Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында болып жатқанына өте қуаныштымын.  Және де сол бағдарламасының аясында жаһандағы заманауи Қазақстанның мәдениеті деген үлкен тақырыпта осы біз өзіміздің төл өнерімізді жер-жаһандағы басқа ұлттарға насихаттауды үлкен бір жоба ретінде қарастырудамын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер