Ашық демократиялық қоғам құрып, заманауи ғылым мен әлемдік өркениетке қол жеткізу. Латын әліпбиіне көшу арқылы еліміз осындай мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Отандық ғалымдардың ортақ пікірі осыған саяды. Ел ағалары жаңа графикаға ауысуда рухани құндылықтарымызды жаңғырту жағы да ескерусіз қалмауы тиіс дегенді тілге тиек етуде. Олардың айтуынша, ең алдымен төл әріптеріміз мағынасын жоймай тіл таспада лайықты орын алуы керек.  «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында» өткен жиында зиялы қауым өкілдері әліпбиіміздің жаңартылған нұсқасына қатысты өз ойларымен бөлісті.

КАМАЛ БҰРХАНОВ, САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Біздің ата-бабаларымыз латын әліпбиінде талай құнды жазбалар мен әдеби кітаптарды дүниеге әкелді. Біз бұл графикаға дәл қазір келгеніміз жоқ. Бұл орайда тәжірибеміз бар екеніне тарих куә. Латын әліпбиі –заман талабы. Әлемдегі елдердің 80 пайызы ортақ қаріпті қолданады. Ғылым мен саясаттың тілі де осында. Әзербайжан, Өзбекстан, Түркменстан секілді мемлекеттер латын әліпбиіне көшті. Ендігі кезек – біздің елде.

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу үдерісін АҚШ-тағы қазақ диаспорасы қуана қолдайды. Осыдан екі жыл бұрын Америкадағы Мэриленд штатында қазақ тілін үйрету курсы ашылды. Қатысушылардың арасында қазақ диаспорасының өкілдері, дипломаттардың балалары және қазақ баласын асырап алған отбасылар да бар. Осылайша, АҚШ-та ұлы дала елінің тілін меңгеруге сұраныс жыл санап артып келеді, дейді Қазақ-Америка қауымдастығының вице-президенті Аяулы Ақылхан. Оның айтуынша, енді Қазақстанның заманауи сандық технологиялар әлеміне енуіне жаңа мүмкіндіктері бар. Латын қарпі арқылы қазақ тілі барлық ұлт өкілдеріне қолжетімді болады.     

АЯУЛЫ АҚЫЛХАН, ҚАЗАҚ-АМЕРИКА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Негізінде, қазақ тілі – ана тілі ғой. Баланың көзқарасын, Қазақстаннан алыстамасын, салт-дәстүрін білсін деген мақсатта болған. Америкада тұратын балалардың айтуынша, алфавиті басқа болған соң үйрену қиындау. Жаңадан алфавит оқу керек, әріптерді жаттау керек. Бұл бірталай уақытты алады. Ал, латын қарпіне көшсек, тілді бірден меңгеріп кететін еді. Балаға да оңай болады.

ГҮЛБАТИРА ӘБДІҒАЛЫМОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - Кезінде көне Қытай ғұламасы Конфуций «айтсаң-ұмытасың, көрсетсең-есімде қалады, ал өзіме жасатсаң түсінемін» деген екен. Жалпы, шет тілін оқыту әдістемесі осындай түсініктен қалыптасқан деп ойлаймын. Жалпы оқытушы грамматикалық құрылымдардағы тапсырманы береді, оқушы соны орындайды. Оқушыларды біз аудиалдар, яғни тыңдап үйренетіндер, визуалдар-көзбен көріп үйренетіндер, кинетестіктер-тілді маторикалық әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндер деп бөлеміз.

Айта кетейік, латын әліпбиіне кезең-кезеңмен 2025 жылы көшу жоспарланып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер