2025 жылға дейін латын графикасына кезеңімен көшу – өте оңтайлы шешім. Елбасының қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сарапшылар, ғалымдар мен депутаттар латын әліпбиін енгізу арқылы еліміз дамудың жаңа сатысына көтеріледі деген пікірде.

КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін тағдыр шешті мәселелердің бірі. Үлкен реформа. Халқымызды жаңа әліпбиімізбен құттықтаймын. Бәрі де ойдағыдай болады деп сенемін.

БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Әлеммен тілдесу үшін, үндесу үшін, бірлесу үшін басқа көршілес туысқан бауыр мемлекеттердің қадамына қарап отырып, сұрыптап отырып жасалған дүние. Тек ғалымдар ғана емес, елдің болашағы үшін алаңдап отырған қарапайым халықпен санасып, саралап дүниеге келіп отырған жағдай деп айтуға болады.

Сатылап жүзеге асатын маңызды қадамды халық оң қабылдап, бірауыздан қолдады. Өйткені бұл қазақ елін, бүкіл әлемнің танып білуіне жол ашады,-дейді ғалымдар.

БАҚТЫБЕК ТАУБАЕВ, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АМУ ПРОФЕССОРЫ:

 - Инновациялық деңгейімізді арттыруға, бәсекелестікті арттыруға, инвестицияның тартымдылығын күшейтуге, сол сияқты мына адам капиталын дамытуда тікелей байланысты. Себебі бұл қазір жаһандану үрдісі, мына айталық ақпараттық үрдіс осындай процестер жүріп жатқан уақытта латын қарпіне көшуіміз біздің стратегиялық мәселелермен тікелей байланысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер